Мұқағали Мақатаевтың 90—жылдық мерейтойына орай «Мұқағали әлемі» » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
» » Мұқағали Мақатаевтың 90—жылдық мерейтойына орай «Мұқағали әлемі»
03
март
2021

Мұқағали Мақатаевтың 90—жылдық мерейтойына орай «Мұқағали әлемі»

Амангелді атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90—жылдық мерейтойына орай «Мұқағали әлемі» деген тақырыпта 9 «Ә» сыныбының мұғалімі Айнагулова Багдат әдеби—сазды сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең, поэмаларымен танысу болды.
Сынып сағаты үш бөлімнен тұрды.
І бөлім «Айтылар естеліктер мен туралы»
ІІ бөлім «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.
ІІІ бөлім «Аққудың қанатына жазылған сыр». ПоэмадаМұқағали.
Қорыта келе айтарымыз.Оқушылар бүгінгі әдеби сағатымызда Мұқағали әлемімен біраз сусындадық деп ойлаймын. Өз заманының орақ тілді ақыны өткір жырларымен Отанды сүюді, тілін қастерлеуді түйреп тұрып айтып кеткен. Адамгершілік, махаббат, сезім тақырыптарын шебер суреттесе, ананы қадірлеуді, аруды сыйлауды асқақтата жырлаған.
Не деген керемет күн,
Жаныңа бәрі даяр не керектің- деп осы күнді айтқандай болар, сондықтан да сендер уақыттарыңды босқа өткізбей, өмірді сезініп, түйсінсеңдер деген тілектеміз.Мұқағали жырларын оқыңдар, ол шынайы өмір көріністері, шынайы өмір суреттерінен құралған. Бүгінгі сынып сағатынан алған әсерлері оқушыларымыздың жүрек түбінен орын алса, біздің де мақсатқа жеткеніміз.
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!