"Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
» "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы"
02
сентябрь
2021

"Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы"

Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Тарихи күн. 1991 жылғы 29 тамызда Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың шешімі мен "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" номері 409 жарлығына қол қойылған болатын.Тарихқа зер салсақ, ядролық полигон 18500 шаршы шақырым аумақты алып жатыр.Полигондағы сынақтар 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалғасқан.Семей полигоны аумағында 40 жыл ішінде 500-ге жуық ірілі-ұсақты сынақ жүргізілген. Барлық сынақтар қатаң құпияда өткізілген болатын.Семей облысының 200 мыңнан астам тұрғынының жарылыстар туралы хабары болмады.Ядролық сынақтардың салдарынан барлығы 1,3 миллион адам зардап шеккен. 1989 жылы қоғам қайраткер Олжас Сүлейменов бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтар құрбандарын біріктірген Невада-Семей антиядролық қозғалысын құрды.Қозғалыс әлемдік резонансқа ие болды.Ал, 1989 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтар толығымен тоқтады. Полигонда алғашқы жарылыс болғаннан 42 жылдан соң ,29 -тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен полигон жабылды. АӘТД пәні-оқытушы ұйымдастырушысы л-нт Ф.Б.Айманбетова