«Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау» » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72638) 5-10-30
bookkeeping:
+7(72638) 5-10-30
Version for
visually impaired
» » » «Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау»
03
февраль
2023

«Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау»

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қойMay, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау білімді де, білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға етіп өсіру. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған талаптар күн сайын күрделенуде. Сондықтан мектепте берілген кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті-баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оқушыларды өз қабілеті мен қызығушылығына қарай ерекшеліктерімен, білім беру бағдарламаларымен таныстыру, сондай-ақ білім алушыларды жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен, болашақ қажеттіліктер туралы ақпаратпен, мүмкіндіктерімен таныстыру. Осы мақсатта 3 – ақпан күні педагог-кәсіби бағдар беруші А.С. Топашева «Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау ойындарын өткізіп, мамандық таңдаудағы қателіктер туралы кеңес берді.