“Даналық” мектебі, “Аталы- сөз ,баталы –сөз” тақырыбында дөңгелек үстел » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72638) 5-10-30
bookkeeping:
+7(72638) 5-10-30
Version for
visually impaired
» “Даналық” мектебі, “Аталы- сөз ,баталы –сөз” тақырыбында дөңгелек үстел
25
January
2024

“Даналық” мектебі, “Аталы- сөз ,баталы –сөз” тақырыбында дөңгелек үстел

“Даналық” мектебінің жылдық жоспарына сай Ата өсиетін насихаттау мақсатында Амангелді атындағы орта мектебінде “Даналық” мектебінің жылдық жоспарына сай Ата өсиетін насихаттау мақсатында 3 “а”, 3“ә” сынып оқушыларының  аталарының қатысуымен 
“Аталы- сөз ,баталы –сөз”  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты : Халқымыздың тәлім тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен , ата ақылымен берілетіндігін  насихаттау . Бабаларымыздан  келе жатқан рухани дәстүрлерді, шежірені, әулет  тарихын  білудің оны ұрпаққа мирас етудің мәнің түсіндіру. Дөңгелек үстелді мектеп директоры  Қ.М.Бабасова ашып,келген аталарымызға немерелері үшін өсиет сөздері мен бата тілектері үлгі өнеге екенін жеткізді. Ауыл ақсақалы Тлеубек ата бата беріп, өсиет айтты. Аталар екі топқа бөлініп ,бата туралы оның түрлері туралы айтты және шежіре, жеті ата туралы айтты. Қораласбай ата және Батай аталардың айтқан өсиет сөздері оқушылар үшін  тартымды және қызықты болды.Осы іс шараны ұйымдастырған 3 сынып жетекшілері К.Б. Елібаева мен  
Л. Бикадамоваға аталар осындай тәрбиелі  балалар үшін, қызықты іс шара үшін алғыстарын айтты.